Алдағы үш күнде ауа температурасы салқындайды

Алдағы үш күнде ауа температурасы салқындайды
Сурет: Krasnodarmedia.su

Синоптиктер демалыс және мереке күндері күн салқын болады деп болжап отыр.

Бұл туралы Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

«1 мамырдан бастап ел аумағына кезекті суық антициклон келіп, жылы ауа массаларын ығыстырады. Бұрынғыша солтүстік өңірлерде суық болады, мұнда термометр бағаны түнде 0-5 градусқа дейін түседі. Ал, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде таулар салқыннан қорғап, жылуды ұстап қалады. Бірақ нөсер жауын жауады», - делінген хабарламада.