Алдағы уақытта Қазақстанда күн суытады

Алдағы уақытта Қазақстанда күн суытады
Сурет: Baigenews.kz

Ауа температурасы 28 градусқа дейін төмендейді.

«Қазгидромет» синоптиктері 10-12 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан аумағының солтүстік жартысы антициклонның ықпалында қалып отыр, онымен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз, ауа температурасы өте төмен болады. Түнде бұл аймақтардағы термометр бағандары -17-ден -28 градус аязға дейін төмендейді.

«Еліміздің батысы мен оңтүстігінде, оңтүстік циклонның шығуымен жауын-шашын күтіледі, республиканың батыс аймақтарында көбінесе қар жауады, ол боранмен бірге жүреді, оңтүстігінде негізінен жаңбыр, ал таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады. Сондай-ақ, фронтальды аймақтың Қазақстан аумағы арқылы өтуімен 15-20 м/с-ке дейін жел, 23-28 м/с екпінге дейін күшейеді», – делінген синоптиктердің  хабарламасында.