Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Сурет: Oir.mobi

Республика бойынша желдің күшеюі болжануда.

«Қазгидромет» мамандары 18-20 қазан күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Атлантикалық циклон жырасының ықпалымен және атмосфералық фронттардың өтуімен алдағы күндері республиканың басым бөлігінде, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр жауады, түнгі уақытта Қазақстанның солтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжануда, батыста, шығыста, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарламасында. 

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы: батыста, солтүстік-батыста түнде 3-8-ге дейін, күндіз 10-20-ға дейін; солтүстікте түнде 2-7-ге дейін, күндіз 7-12-ге дейін; елдің орталығында 3-8 жылыға дейін, күндіз 5-19 жылыға дейін жоғарылауы болжанады; шығыста түнде 5 градус аяз – 5 градус жылыдан 0-8 градус аязға дейін жоғарылауы болжанады, күндіз негізгі фон 5-13 градус жылы;
оңтүстікте түнде 2-7-ге дейін, күндіз 10-20-ға дейін; оңтүстік-шығыста түнде 5 градус аяз - 5 градус жылы, күндіз 5-15 градус жылыға дейін төмендейді.