Алдағы күндері ауа райы жылы болады

Алдағы күндері ауа райы жылы болады
Сурет: Ogorod.ru

Қазақстанның оңтүстігінде 20-25 градус жылы болады.

«Қазгидромет» мамандары 11-13 қазан күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Еуропалық антициклонның әсерінен жаңа жұмыс аптасының басында Қазақстан аумағында жауын-шашынның тоқтауы және күндізгі температураның жоғарылауы болжанады. Ал елдің батысына Қара теңіз аудандарынан тағы бір циклон жылжуымен бұлтты және жаңбырлы ауа-райы күтіледі. Қазақстанның солтүстігінде және орталығында термометрлердің бағандары күндізгі уақытта +15-20 градусқа дейін, шығыста +13-18 градусқа дейін және оңтүстікте +20-25 градусқа дейін жоғарылайды, ал елдің батысында ауа температурасының +10-18 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарламасында.