Алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бар күдікті ер адам ұсталды

Алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бар күдікті ер адам ұсталды
Сурет: Polisia.kz

“Cyberpol” арнайы тобының қызметкерлері күдіктіні Шымкент қаласында ұстады.

Қызылордалықтың Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы аумағындағы алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бары анықталды. Шығын көлемі - 6 млн теңге.

Белгілі болғандай, ер адам дүкендер мен дәріханаларға кіріп, сатушылардың сеніміне кіріп, түрлі тауарларды жымқырып келген. Яғни алаяқ көлігінен ақша алып келіп төлеймін деген сылтаумен тауарларды тиеген бойы оқиға орнынан ізін суытқан.

ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.