Алатау ауданында екі дәрігерлік амбулатория салынады

Алатау ауданында екі дәрігерлік амбулатория салынады
Сурет: ашық дереккөз

 Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін 2023 жылдың ақпан айында «Саялы» және «Қарасу» шағынаудандарында жоспарлы қуаттылығы ауысымына 200 адам қабылдайтын 2 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды.

Бұл туралы Алатау ауданының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлім болды,-деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әкімнің айтуынша, құрылыс 2024 жылдың І тоқсанында аяқталады. Осылайша, ауданда тұрғындарды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері жүйелі түрде шешіліп келеді.