ALATAU AQPARAT пен Еуразия ғылыми-зерттеу иниституты ынтымақтастық орнатты

ALATAU AQPARAT пен Еуразия ғылыми-зерттеу иниституты ынтымақтастық орнатты
Сурет: Самат Құсайынов

Тараптардың бұл ынтымақтастығы медиа холдинг пен зерттеу иниститутының мүмкіндіктерін ұштастыра отырып, барынша кең аудиторияға ғылыми әрі сапалы контент ұсынуды көздейді.

Бүгін, 8 маусым, ALATAU AQPARAT ЖШС директоры Ержан Қалымбайұлы Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Суат Бейлұр мырзамен екіжақты достық және ынымақтастық қарым-қатынасты нығайту мақсатында кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматыдағы Еуразия ғылыми-зерттеу иниститутында өткен кездесуде,  медиа холдинг пен иниститут ортасындағы ынтымақтастық байланысты дамыту тақырыбы талқыланды.

Кездесу аясында Ержан Қалымбайұлы мен Суат Бейлұр «ЖШС “ALATAU AQPARAT” медиа холдингі мен Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу иниституты арасындағы ынтымақтастық» туралы келісім-шартқа қол қойды.

Аталған келісім-шарт екі тараптың ортақ ғылыми-танымдық іс-шараларды ұйымдастыру, өзара ақпараттық қолдау көрсету және сапалы контенттермен алмасуға бағытталған.

Сондай-ақ, келісім-шарт “ALATAU AQPARAT” ЖШС қызметкерлеріне Еуразия ғылыми-зеррттеу иниституы жүргізетін түрік тілі курстарына қатысуға мүмкіндік береді.

Еуразия ғылыми-зерттеу иниституты Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Түрік әлемі және Еуразия кеңістігін зерттеу бағытындағы ғылыми орталығы. Қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде тұрақты түрде сапалы ғылыми басылымдарды, өзге де ғылыми еңбектерді шығарып келеді.

“ALATAU AQPARAT” ЖШС 2020 жылы құрылған. Құрамына «Алматы Ақшамы», «Вечерний Алматы» басылымдары мен Almaty-akshamy.kz және Vecher.kz сайттары кіреді. Сондай-ақ, кемелді мультимедиалық мүмкіндіктерімен барлық әлеуметтік желілерді қамтыған, ауқымды ақпарат айдынына ие медиа холдинг.