Қаламызда ертеңнен бастап автобустар 41 бағыт бойынша жүреді

Қаламызда ертеңнен бастап автобустар 41 бағыт бойынша жүреді
Almaty-akshamy.kz

Жолаушы тасымалдауға 500-ден астам қоғамдық көлік шығады

Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Хабар 24 сайтына сілтеме жасап 

«Шұғыла», «Қайрат», «Жас қанат» шағынаудандарында да қоғамдық қатынас қалпына келеді.

Автобустар таңғы 7:45-тен кешкі 20.00-ге дейін 20-30 минут сайын жүреді. Бүгін 11 бағыт бойынша автобустар жолға шыққан еді. Дегенмен жолаушы көп емес.

Әзірге қала сыртына қоғамдық көлік бармайды. Бүлікке дейін тұрғындарға 2 мыңға жуық автобус қызмет көрсетіп келген.

«Қаладан шыққан бағытқа бармаймыз. Қаскелең, Қапшағай, Талғар, Илиский тракт жүрмейміз. Қала ішіндегі Алатау ауданына бармаймыз. Команда берген кезде ол жерге де автобустар жүргізетін болмыз. Бүгін, ертең ол жерге бармаймыз», - деді қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Сымбат Мырзағұлов.