АҚШ пен Еуропа Ресейге қарсы санкцияларды талқылайды

АҚШ пен Еуропа Ресейге қарсы санкцияларды талқылайды
Сурет: Russian.rt.com

Осы мақсатта кездесу өтеді. 

АҚШ әкімшілігінің шенеуніктері Украинаға қарсы агрессия жағдайында Ресейге қарсы санкциялар мен экспорттық бақылауды үйлестіруді талқылау үшін Ұлыбритания мен Еуропалық Одақ  елдеріне барады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru сілтеме жасап. 

Ведомствоның хабарлауынша, құрамында АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті, Сауда министрлігі және Қаржы министрлігінің өкілдері бар делегация Франция, Бельгия және Германияда да болып, әріптестерімен кездеседі. Келіссөздер барысында Мәскеуге қарсы нақты шектеу шаралары ғана емес, сондай-ақ мұндай қадамдарға өту тәртібі, оның ішінде жаңа заңнаманы қабылдау қажеттігі де қарастырылатыны атап өтілді. 

Бұған дейін Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл Ресей қауымдастығының санкцияларына қарсылығын күшейткенін айтқан. Оның айтуына, валюталық қорларды құру арқылы Мәскеу газ жеткізудегі ықтимал үзілістерді жою үшін Еуроодақ жасағаннан да көп нәрсе жасаған.