Ақылы жолда көлігі бұзылып қалғандарға тегін қызмет көрсетіледі

Ақылы жолда көлігі бұзылып қалғандарға тегін қызмет көрсетіледі
Сурет: Egemen.kz

Ақылы жол бойында сынып қалған көлікті эвакуатор баратын жеріне дейін тегін жеткізіп береді.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ақылы жолдар дирекциясы директорының орынбасары Сәкен Әділбеков БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Егер сіздің көлігіңіз ақылы жол бойында сынып қалған жағдайда, біз оны бара жатқан жеріңізге тегін жеткізіп беретін боламыз. Яғни ақысыз эвакуациялаймыз. Бұл мәселе қазір қаралып жатыр. Аталған шара жоспар бойынша биыл іске қосылмақ. Қосымша хабар беріледі. Негізі жолда бұзылып қалған немесе жол-көлік оқиғасына тап болған көліктерді эвакуациялау бұған дейін де бар қызмет. Оқыс оқиға болған жағдайда біздің мамандар үнемі қол ұшын созады», - деді Сәкен Әділбеков тілшілердің сауалына жауап бере тұрып.