Әрбір үшінші отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған

Әрбір үшінші отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған
Сурет: Yassy-tur.kz

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әрбір үшінші отбасының мүшелері тап келеді.

Ресми мәліметтер осылай деп дабыл қағады. Тіркеуге алынған қылмыстардың 30 пайызы қатыгездік әрекеттерге байланысты қозғалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы аясында жастармен кездескен мамандар осындай деректер келтірді. Басқосуда тәжірибелі психологтар мен полиция инспекторлары отбасылық құндылықтардың айқын бағыттарына тоқталды. Топ мүшелері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты мәліметтерді бір ізге түсіру үшін осы іспен айналысатын арнайы құрылым жасақтауды ұсынып отыр.

«Әр аймақтың өзінің басқармасы болуы керек осының бақылап отыратын. Барлық ақпарат басқармаға келіп, негізгі статистика өзгермеуі керек», - дейді қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Айтбекқызы.