Әлеуметтік бейімдеу жобасы

Әлеуметтік бейімдеу жобасы
almaty-akshamy.kz

Алматыда аудандық пробациялық қызмет басшылары, қоғамдық даму басқармасы, прокуратура, ҚАЖД өкілдері және жұмыспен қамту орталығы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шарада бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққандарды әлеуметтік бейімдеу жобасының қорытындысын ұсынды.

«Жоба ағымдағы жыл бойы ЛА-155/13, ЛА-155/6, ЛА-155/18 мекемелері мен қала бойынша барлық ауданның пробациялық есепте тұрғандарға психологиялық, заң кеңестерін, бос жұмыс орындары жәрмеңкесін, тақырыптық іс-шаралар ұйымдастыру мақсатын көздейді. Қатысушылардың пікірінше, жоба нәтижелі, өте жоғары деңгейде өтті. Жалпы, жоба барысында 600-ге жуық адам қамтылды»,– дейді «Qazaqstan Jastary» ҚҚ жоба үйлестірушісі Нұржау Мади.