Әлемнің ең кедей елдерінің несие берушілерге қарызы 62 млрд долларға жеткен

Әлемнің ең кедей елдерінің несие берушілерге қарызы 62 млрд долларға жеткен
Сурет: Russian.rt.com

Бұл былтырға қарағанда 35 пайызға көп.

Дүниежүзілік банк президенті Дэвид Малпасс осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның сөзінше, мұндай жағдай дефолт қаупін арттырып отыр. Кедей мемлекеттер жоғарыда аталған қарыздың 2/3-сін Қытайға қайтаруы тиіс. Бұл ел әлемдегі ең ірі кредиторлардың бірі. Келесі аптада Бейжіңде Дүниежүзілік банк пен өзге халықаралық ұйымдар кездесу өткізіп, қарыз мәселесін реттеу жайын талқыламақ.