Әлемдік компьютерлер нарығы 12,8% қысқарады

Әлемдік компьютерлер нарығы 12,8% қысқарады

Экономиканың құлдырауы әсер еткен.

Халықаралық IDC компаниясы әлемдік компьютерлер нарығы 12,8% қысқаратынын болжап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Сұраныстың төмендеуіне инфляцияның жоғарылауы, пандемиядан кейін экономиканың құлдырауы әсер еткен.

Сонымен қатар Қытайдағы локдаун әсерінен бөлшектерді жеткізудің кешігуі, геосаяси жағдай алдағы жылдары да дербес компьютерлер мен планшеттерге сұранысты азайтады.

Айта кетейік, компьютер өндірі бойынша әлемде $600 млрд доллардың өнімін экспорттайтын Қытай мен $160 млрд доллардың өнімін сататын АҚШ көш бастап тұр.

ТОП-5-елдер қатарына Германия, Нидерланды мен Оңтүстік Корея да кіреді.

Қазақстан да компьютер шығарады. 2020 жылдың қаңтарында 538 цифрлы техника өндірілді.