Әлем чемпионатында Оңтүстік Америка мен Еуропа құрамалары он бірінші мәрте кездеседі

Әлем чемпионатында Оңтүстік Америка мен Еуропа құрамалары он бірінші мәрте кездеседі
Сурет: Egemen.kz

Футболдан әлем чемпионатының финалында Оңтүстік Америка және Еуропа құрлығы өкілдері он бірінші мәрте кездесіп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетсек, бүгін, 18 желтоқсанда финалда Аргентина - Франция құрамаларының кездесуі болады. Ойын елорда уақытымен 21:00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейінгі 10 кездесудің 7-інде Оңтүстік Америка құрлығының өкілдері жеңіске жетсе, қалғанында еуропалық құрамалардың мерейі үстем болды.

Қос құрлық арасындағы бәсекеде Бразилия бес мәрте жеңіске жетті. Олар 1958 жылы Швецияны 5:2, 1962 жылы Чехословакияны 3:1, 1970 жылы Италияны 4:1, 1994 жылы пенальтиден 3:2 (негізгі кезеңде 0:0) есебімен жеңді. Ал 2002 жылы Германияны 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Ал қос құрлықтың бәсекесінде Аргентина мен Германия 2, Франция 1 мәрте жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, 1950 жылы бас жүлде иесі топтық кезеңде белгілі болса, қалғанында еуропалық құрамалар өзара жеңімпазды анықтады.