Әлем чемпионатынан қазақ боксшылары қанша табыс тапты?

Әлем чемпионатынан қазақ боксшылары қанша табыс тапты?
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Бокстан өткен әлем чемпионаты қазақ спортшылары үшін жемісті әрі табысты болды. 

Ташкентте өткен әлем чемпионатында алдыңғы орындардан көрінген қазақ боксшыларының қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Халықаралық бокс федерациясының (IBA) шешімімен жеңімпаздарға - 200 мың, күміс медаль алғандарға - 100 мың, қола жүлдегерлерге 50 мың доллардан берілді.

Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алып, медальдар кестесінде екінші орыннан көрінді.

Айта кететіні, бұл - соңғы он жылдағы үздік нәтиже.

Осылайша қазақ боксшылары барлығы 900 мың доллар табыс тапты.