Әбілхан Аманқұл жеңіліп көрмеген мексикалықты нокаутқа жіберді

Әбілхан Аманқұл жеңіліп көрмеген мексикалықты нокаутқа жіберді
Сурет: Inform.kz

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Әбілхан Аманқұл (2-0, 1 КО) кәсіби рингте екінші жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Мехикода осыған дейін жеңіліп көрмеген Мексика өкілі Йеассон Пачеко Сервантеспен (6-1, 3 КО) жұдырықтасты.

Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек қазақстандықтың ауыр нокаутынан кейін екінші раундта аяқталды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, тағы бір қазақстандық боксшы - Бек Нұрмағанбет - кәсіпқой рингте сегізінші айқасын өткізді. Мехикодағы бокс кешінде ол жергілікті боксшы Лусиано Арауджомен кездесті (6-5-3, 3 КО). Бек Нұрмағанбет (7-0, 5 КО) осы жекпе-жекте екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.