ADAL мен AMANAT саяси партиялары бірікті

ADAL мен AMANAT саяси партиялары бірікті
Сурет: Egemen.kz

ADAL мен AMANAT саяси партиялары қосылды

ADAL партиясының бастамасын қолдап, AMANAT-пен біріккен жөн деп санаймын. Бұл туралы AMANAT партиясының съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

«Жаңа Қазақстанды құрамыз десек, елге жанашыр, қоғамдық саяси күштердің бәрі жұмылуы керек. Бұл ретте партиялардың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамытуы аса маңызды. Сондықтан ADAL партиясының бастамасын қолдап, онымен біріккен жөн деп санаймын. ADAL - өз жақтастары бар, қалыптасқан партия. Саяси бәсеке артып келе жатқан қазіргі кезеңде мұның айрықша мәні зор. Осы маңызды қадам AMANAT партиясын жаңғыртып, күшейте түсуге септігін тигізеді деп ойлаймын», - деді Мемлекет басшысы.

Съезд барысында делегаттар ADAL партиясының AMANAT-қа қосылуын дауысқа қойып, қолдады. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгіннен бастап AMANAT партиясының төрағасы ретінде Президенттің өкілеттігі тоқтады. Президент AMANAT партиясының төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды. Биыл наурыз айында ADAL партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали партияның AMANAT-қа қосылу шешімін түсіндірді.