Доллар бағасы бес теңгеге өсті

Доллар бағасы бес теңгеге өсті
Сурет: Tengrinews.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы тағы 5,09 теңгеге қымбаттаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 453, 53 теңге. Ұлттық банктің 26 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 448, 26 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 453 теңге, сатып алу – 456 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 453, 25 теңгеден болса, сатып алу құны – 456, 50 теңге.