«АMANAT» өз таңдауын жасады

«АMANAT» өз таңдауын жасады
Сурет: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Олжас Бектенов - Президент Әкімшілігінің басшысы, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде жұмыс істеген.