Мектеп пен балабақша тапшылығы жойылады

Мектеп пен  балабақша тапшылығы жойылады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда  шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен зардап шеккен бизнесті қалыпқа келтіру және қаланың одан әрі дамуы жөнінде қалалық активтің  отырысы өткені көңілге демеу болды, жүректерге үлкен сенім ұялатты.  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жедел штаб отырысында үкіметтік комиссияға Алматы қаласының әкімдігімен бірлесе отырып, шаһардың тыныс-тіршілігін қалпына келтіруді тапсырған болатын. Алматы – туған қаласы екенін айтқан Президент Үкіметтің алдында қаланың келбетін бұрынғыдан да жақсарту міндеті тұрғанын мәлімдеген еді.

Шаһар басшысы Бақтыжан Сағынтаев қасіретті қаңтар күндерінен кейін қала біртіндеп қалыпты өмірге оралып жатқанын айтты. Арнайы комиссия келтірілген залалға баға беріп жатыр екен. Кәсіпкерлерге бірқатар жеңілдік берілетінін, келтірілген шығын өтелетінін, тәртіпсіздіктер кезінде жарақат алған қызметкерлерге 2 млн. теңгеден бастап, 500 мың теңгеге дейін өтемақы төленетінін қала басшысының өз аузынан естіп, көңіліміз жайланып қалды. Қалада оқушылар сарайының, балабақшалар мен мектептердің саны артып, бес жыл ішінде мектеп-балабақша тапшылығы жойылады деген мәлімдемесі де – қуанарлық жағдай. Қала билігінің барлық бастамаларын қолдаймын.  Халқымыздың тұрмысын жақсара түсетініне, қаламыз гүлдене түсетініне кәміл сенемін.