9 қарашада ел аумағында күн ашық болады

9 қарашада ел аумағында күн ашық болады
stihi.ru

Қазгидромет 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.Тек батысында, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында желдің күшейіп, оңтүстік-батысында және оңтүстік шығыстың таулы аудандарында тұман түседі.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, оңтүстік-батысында жылдамдығы 25 м/с жетеді. Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің күшеюі сақталады - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Алматы облысының Алакөл көлдері аудандарында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен орталығында, Маңғыстау облысында тұман түседі, күндіз Атырау облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік батысында жел тұрады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік шығысында, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстік батысында желдің күші 15-20 м/с болады.