6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктер 2022 жылдың 6 қыркүйегіне Қазақстанның ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

Қазақстан Республикасының қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады деп күтілуде.