40 жасқа дейінгілер коронавирусты көп жұқтырып жатыр

40 жасқа дейінгілер коронавирусты көп жұқтырып жатыр
Сурет:Zikua.tv

Оның себебі - жастар арасында эпидахуалдың, карантин талаптарының бұзылуы.


Бүгін өткен онлайн брифинг барысында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


 «Бізді алаңдатып отырған бір контингент - 20-39 жас аралығындағылар. Осы жастағы азаматтар арасында науқастар көп тіркеліп жатыр. Оның себебі - жастар арасында эпидахуалдың, карантин талаптарының бұзылуы. Жалпы, аурулар санының 39 пайызы - осы 20-39 жас аралығындағылар. Бұл - бүгінде ең көп көрсеткіш. 40-59 жас аралығындағылар аурудың 25 пайызын құрайды. Яғни әрбір төртінші науқас осы контингенттен шығады», - деді Жандарбек Бекшин. 


Сонымен қатар ол карантин талаптарының күшейтіліп жатқанын да қоса айта кетті.