Алматыда Hayat-Vax пен CoronaVac таусылды

Алматыда Hayat-Vax  пен CoronaVac таусылды
Сурет: Vlast.kz

Қаламызда Sputnik V вакцинасының қоры жеткілікті екен.

Бұл ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 «Қалада вакцина қоры жеткілікті. Бұл Sputnik V вакцинасына қатысты. «Hayat-Vax» және «CoronaVac», өкінішке орай, қазір жоқ», - деді ол.

 Сонымен қатар басқарма басшысы соңғы 10 күнде ауруханалардағы науқастардың саны 2,5 есе өскенін атап өтті.

«Жалпы, жансақтау және қарқынды терапия бөлімшелерінде науқастардың саны 10 күннің ішінде 50-ден 121-ге дейін, яғни 2,4 есеге көбейді. Бүгінгі таңда БМСК және Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 3255 пациент бар, ал ауруханалар мен үйде емделіп жатқан 40 жасқа дейінгі жастар санының күрт өсуі байқалды»,- деді ол.

Бүгінгі таңда Алматыда 212 вакциналау пункті жұмыс істейді. 308 егу бригадасына 1 260 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.