4 шақырым - 4 минут, 4 секунд

4 шақырым - 4 минут, 4 секунд
Сурет: Olympic.kz

Бұл - велотректен Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасының көрсеткіші.

Малайзияда велотректен ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты басталды. Бəсекенің алғашқы күні-ақ Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жарыста ел намысын Əлішер Жұмахан, Артём Захаров, Дмитрий Носков пен Рамис Дінмұхамедов қорғады. Олар 4 шақырымды 4 минут 4 секундта жүріп өтті.

Тас жолдағы велоспорттан Таиландта өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды. Жерлестеріміз бір аптаға созылған құрлықтық біріншілікте 15 жүлдеге ие болған еді.