3 наурызға арналған ауа райы болжамы

3 наурызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Республика аумағында жел күшейеді

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 3 наурыз, жұма күнге арналған ауа райы болжамын ұсыенды. Болжамға сәйкес, жауын-шашын, жел, бұрқасын, көктайғақ, тұман, найзағай күтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен ауа райы атлант циклонымен анықталады, соған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстігінде ауық-ауық қатты жаңбыр жауады.

"Тек елдің батысы ғана жоғары қысымды өрістің ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", – делінген хабарламада.

Болжам бойынша республика аумағында жел күшейеді, солтүстікте, батыста, шығыста, орталықта бұрқасын, көктайғақ, оңтүстікте, батыста, орталықта тұман, Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай ойнайды деп болжанды.