Республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде жол жабылды

Республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде жол жабылды
Сурет: Ашық дереккөз

Сағат 19:05 ақпаратқа сәйкес, еліміздің төрт өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты, республикалық маңызы бар автожолдардың бес учаскесінде қозғалыс уақытша шектелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторының мәліметінше, Абай өңірінде «Алматы-Өскемен» тасжолының Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Ақмола облысында Щучье-Зеренді тасжолы және Атбасар қаласы мен Қажымұқан кентінің арасы жабық.

Шығыс Қазақстан облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне дейінгі аралығында жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Жұмабек ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді.