22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөзі

Еліміздің тоғыз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер Қазақстанның тоғыз облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнде 1 градус аяз.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың оңтүстігінде жел қырқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының басым бөлігінде және Павлодар облысының орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында және Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.