214 мыңнан астам алматылық банкроттық туралы өтініш бермек

214 мыңнан астам алматылық банкроттық туралы өтініш бермек
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Еліміз бойынша миллионнан астам азамат осы заңмен жағдайын түзей алады.

Алматыда 214 мыңнан астам адам бір жылдан бері несиелері бойынша төлем жүргізбеген. Олар өздерін банкрот деп жариялауы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алайда мамандар бұл жеңілдіктің артында біраз шектеулер барын алға тартып отыр. Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Республика бойынша бір миллионнан астам азамат осы заң аясында жағдайын түзей алады. Мамандардың айтуынша, олардың дені, яғни, 215 мыңға жуығы Алматыда тұрып жатыр. Сол себепті, халыққа жаңа заңның тетіктерін түсіндіру дәл осы шаһардан басталған, деп жазады qazaqstan.tv.

«Бұл заң барлық қазақстандықты банкрот атандыру мақсатын ұстанбайды. Бұл заң қарыздық ауыртпашылыққа батқан азаматтардың тетіктерін шешуге арналған. Мүлдем кешірілмейтін қарыздар да бар. Ол, мысалы, басқа адамға, оның өміріне, денсаулығына келтірілген зиян, сондай-ақ алименттік төлемдер», - деді ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті бөлімінің өкілі Меруерт Сейсембаева.

"Бұл ретте, халық арасында осы заңға қатысты несиеге амнистия жариялау сынды жаңсақ түсінік қалыптасқан, Алайда, оның жауапкершілігі өзгеше екенін түсінген жөн", - дейді қаржыгерлер. Мәселен, банкроттық рәсімді іске асырғаннан кейін 5 жыл бойы несие берілмейді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан борышкердің қаржы жағдайына 3 жыл бойы мониторинг жасалады. Жаңа заң наурыз айынан бастап қолданысқа енеді.