2024 жылы ҮАААЖ жол жүру құны қанша?

2024 жылы ҮАААЖ жол жүру құны қанша?
Сурет: ашық дереккөз

Айлық есептік көрсеткіш көтерілсе бағаға әсер ететіні белгілі. Биылғы жылы АЕК көтерілді. Демек, ақылы жолдардың да ақысы көтерілді деген сөз. Almaty-akshamy.kz тілшісі үлкен Алматы айналма автомобил жолының ақысын білген болатын.

Жеңіл автомобильдер үшін тариф 258,44 теңгеге (0,07 АЕК) дейін «көтерілді».

  • 16 жолаушы орындығы бар автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,08 АЕК (295,36 теңге);
  • 32 жолаушы орындық автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін – 0,14 АЕК (516,88 теңге);
  • 32 жолаушы орындығы бар автобустар мен жүк көтерімділігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,16 АЕК (590,72 теңге);
  • жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,2 АЕК (738,40 теңге);
  • жүк көтергіштігі 15 тонна жүк көліктері, оның ішінде тіркемелер, жүк тракторлары – 0,22 АЕК (812,24 теңге).

Ескеретін жайт, ай сайынғы төлем ҮАААЖ аймағында (Қарасай, Іле және Талғар аудандары) тіркелген автокөлік иелері үшін қарастырылған.