20 наурызға арналған ауа райы болжамы

20 наурызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ел аумағында тұман болып, жел күшеюі мүмкін.

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 20 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Тек елдің батысында атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болмақ.

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында  найзағай ойнайды деп болжанды.