2 тамызға арналған ауа райы болжамы

2 тамызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөзі

Аптап ыстық, найзағай, жел 

Қазгидромет синоптиктері 2 тамыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді. 

Салдарынан жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, екпінді жел соғады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. 
Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында тұман түседі. 

Тек қиыр батыста антициклон сілемінің ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады. 
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады. 

Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Абай, Атырау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.