2 наурызға арналған ауа райы болжамы

2 наурызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстанның оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады

Қазақстанның оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы Атлант циклонының ықпалымен анықталады. Соған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанды. Солтүстікте, шығыста, орталықта жел соғады, қар жауады.

Синоптиктердің хабарлауынша, жоғары қысым ықпалында Қазақстанның оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Сонымен қатар жел күшейеді, батыста, оңтүстік-шығыста, республика орталығында тұман басады деп болжанды.