Кашпировскийді шымкенттік дәрігерлер аман алып қалды

Кашпировскийді шымкенттік дәрігерлер аман алып қалды
Сурет: Otyrar

Белгілі экстрасенс-психотерапевт оңтүстікке жиі келеді

Белгілі болғандай, Кашпировский Шымкент емханасына асқазан жарасы диагнозымен түскен. Науқас үш литр қан жоғалтқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Танымал психотерапевт Анатолий Кашпировскийдің ауруханаға түскенін №1 қалалық емхана қызметкерлері айтып берген. 

«Науқас бізге 2022 жылдың қараша айында келіп, ем қабылдап, толық жазылып шықты. Ол сол кезде Шымкентте болатын. Оның асқазан ойық жарасы бар екені анықталды», - деді аурухана дәрігерлері.

"Қазір науқас өзін жақсы сезінеді", - деп сендірді дәрігерлер. Анатолий Кашпировский шымкенттік емхананың дәрігерлік ұжымына еңбектері үшін алғысын білдірген.

Белгілі экстрасенс-психотерапевт оңтүстікке, дәлірек айтсақ, Төлеби ауданына жиі келетіні белгілі. Айтуларынша, ол жерде Кашпировскийдің үйі бар.