17 жоба. Бостандық ауданын абаттандыруда тұрғындар пікірі ескерілді

17 жоба. Бостандық ауданын абаттандыруда тұрғындар пікірі ескерілді
Сурет: Almaty.tv

Алматы тұрғындары өз аулаларын қалай жабдықтауды, яғни, қоғамдық кеңістікті өзгерту, спорт алаңын орнату немесе асфальт төсеуді өздері таңдайды.

Қала тұрғындарының шығармашылығына арналған кеңістік айтарлықтай үлкен. Мысалы, Алматы қаласының Бостандық ауданы тұрғындарының 2023 жылы 800 миллион теңгеге 17 жобасын мақұлдады.

 «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде аудан әкімі Санжар Алин кеңірек айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Ол аула аумақтарының өзгергені туралы айтты. Айта кетейік, ауданда 670 аула бар. Биыл 80 аула аумағында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

2023 жылы 4 қоғамдық кеңістікке, 10 спорт және балалар алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Олар бойынша қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталып келеді (аяқталу мерзімі – биылғы қараша айының соңы).
 
12 жерасты және 7 жер үсті жаяу жүргіншілер өткеліне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. (жұмыстың аяқталу мерзімі биылғы 30 қараша). 

Жоспарланған 55,2 км арық желілерін реконструкциялаудың бүгінгі күні 22 шақырымы  аяқталды. арық желілерін реконструкциялау бойынша жұмыстар жалғасуда (жұмыстарды аяқтау мерзімі 2024 жыл).
 
Аудан аумағында 19 контейнерлік алаңды күрделі жөндеу және салу жұмыстары жүргізілді.
 
98 контейнерлік алаңды күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Құрылыс – монтаж жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланған. 

 «2024 жылы Тұңғыш Президент саябағын» «Пекин олимпиадашылары-2008» скверімен қамти отырып, Атакент, Южный парктерін, Үлкен Алматы және Есентай өзенінің жағалауын, ҚазМемЦирк, қалалық әкімдік, Байсейітова маңындағы субұрқақтарды үрделі жөндеу жоспарланған», - деді Санжар Алин. 

Абай даңғылы мен Гагарин даңғылының қиылысында 1 га жер учаскесін абаттандыру жұмыстары басталды. Абаттандыру аясында балалар, футбол, баскетбол және коньки алаңдарын, иттерді серуендетуге арналған алаңды, орындықтар, урналар орнатылатын демалыс аймағын салу жоспарлануда, қосымша суару жүйесі бар жасыл желектер отырғызылатын болады. (Жұмыстың жоспарланған аяқталу мерзімі 2024 жылдың тамызы).
 
Сондай-ақ, 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 32 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, оның ішінде Гагарин бульварының жөндеу жұмыстары және осы даңғыл бойында тұрақ орындарын орнату көзделген.