17 жастағы қазақ қызы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

17 жастағы қазақ қызы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Сурет: Elorda.info

Жылдам шахматтан қазақстандық шахматшы екінші орын алды

Варшавада жылдам шахматтан (рапид) ФИДЕ-нің әлем чемпионаты аяқталды. Чемпионат қорытындысы бойынша, 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева екінші орын иеленіп, күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қазақстанның шахмат федерациясы хабарлаған.

Шешуші партияларда Бибісара Грузияның тәжірибелі шахматшысы – гроссмейстер Нана Дзагнидзені, отандасы Әсел Серікбайды ұтып, әлем чемпионатының жеңімпазы – халықаралық гроссмейтер Александра Костенюкпен ойынды тең аяқтаған.

Биыл Б.Асаубаева әйелдер арасында онлайн өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, Қазақстан Республикасы құрамасында ойнап, Бүкіләлемдік шахматтан онлайн олимпиадада үздік 8 команданың қатарына кірген, көптеген халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған.