17 сәуірге арналған ауа райы болжамы

17 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 28 м/с күшейеді

17 сәуір күні ҚР аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің тек орталығы, солтүстігі мен оңтүстігінің жекелеген жерлерінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Оңтүстікте сондай-ақ найзағай болжанады. Республика бойынша екпінді жел тұрып, батыста сонымен бірге тұман болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі, таулы асуларда желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Таңертең Атырау облысының оңтүстігінде тұман болады.