1500 мың сарбаз ЖОО-да тегін оқуға сертификат алды

1500 мың сарбаз ЖОО-да тегін оқуға сертификат алды
Сурет: Stan.kz

Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева мерзімді қызметтегі әскерилерді ақысыз оқыту үшін өткізілген алғашқы іріктеудің қорытындысын жариялады,  деп хабарлайды Almaty -akshamy. kz

Байқауға биыл көктемде запасқа шығарылған азаматтар қатысты. Іріктеу әскери қызметшілер рейтингі бойынша жүргізілді. Үміткерлердің жетістіктері мен кемшіліктері туралы барлық дерек министрлік сайтының «Срочники 2.0» цифрлық платформасында тіркелді. Деректерді ауыстыру мүмкіндігі жоқ. Конкурстық іріктеуге барлығы 12 мыңнан астам мерзімді қызметтегі сарбаз қатысты. Іріктеуден өтпегендер борышын өтеген соң 2 жыл ішінде ҰБТ тапсырмай, ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсе алады.

« Мерзімді әскери қызмет сарбаздары үшін білім беру жеңілдіктерін алу мүмкіндігі көзделген. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев мамыр айында болған бүкілармиялық кеңесте бұл бастамаға оң баға берді және оны жүзеге асыру бойынша тиісті тапсырмалар берген болатын. Қазіргі уақытта еліміздің 70-тен астам ЖОО-мен келісімшартқа қол қойылған»,  - дейді  ҚР Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы Ербол  Құмарбекұлы.