14 өңірде дауылды ескерту жарияланды

14 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады almaty-akshamy.kz.

12 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының басым бөлігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман түседі. 

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Оралда түнде және таңертең тұман түседі. 

Түркістан облысында таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Солтүстік-батыстан, батыстан, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Шымкент қаласында түнде қатты жауын-шашын, тұман күтіледі. Түркістан қаласында да түнде тұман күтіледі. 

12 қарашада Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қонаев қаласында 12 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. , облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 

12 қарашада Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

12 қарашада түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. , Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Семей қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, епкіні - 15-20 м/с. 

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. , батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.  

12 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 

12 қарашада Қызылорда облысында жел батыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с жел күтіледі. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл болуы ықтимал. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с жел күтіледі. Ақтау қаласында 12 қарашада оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Петропавл қаласында тұман күтіледі. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 10-12 қарашада облыстың таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. 11-12 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 11 қарашада күндіз, 12 қарашада тәулік бойы екпіні 23-28 м/с жел күтіледі. Тараз қаласында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғуы ықтимал.