14 ақпанға арналған ауа райы болжамы

14 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Еліміздің баcым бөлігін тұман басады

Синоптиктер республика бойынша 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, солтүстік-батыс циклон жырасының әсерінен ҚР батысында, солтүстік-батысында қар, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын (қар, жаңбыр түрінде) жауып, жаяу бұрқасын болажы, жел күшейеді, елдің батысында, оңтүстігінде көктайғақ болжанды.

Тек республикамыздың солтүстік жартысында, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша тұман болжанды.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде -21-23°С, күндіз -10-12°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -7-9°С, күндіз +1+3°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде -1+1°С, күндіз +8+10°С болады.