13 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

13 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Kt.kz

Қазгидромет бейсенбі күнгі ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Антициклон ҚР солтүстік және солтүстік-батыс өңірлеріне әсер етіп, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Еліміздің қалған аумағында оңтүстік циклондар мен фронтальды бөліктердің әсерінен қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, орталықта, солтүстікте бұрқасын күтіледі

Ақмола облысының оңтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-25 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы, тау бөктерінде тұман, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында көктайғақ, оңтүстік-батысында, таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерінде тұман түседі, таулы аудандарда көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады, түнде облыстың шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі.