125 түп ағаш отырғызды

125 түп ағаш отырғызды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Жаңару күнін жақсылыққа балаған Әуезов ауданының тұрғындары бұл күні №116 мектеп пен №119 мектеп аулаларындағы футбол алаңдарын жасыл желекпен көмкерді.

«Жаңа көшеттер – тың идеялар – ел дамуының жаңа кезеңі» деген атпен ұйымдастырылған іс-шараға аудандық Ардагерлер кеңесі мен Комьюнити орталығының мүшелері, аудан жастарынан 70 адам қатысып, 125 түп ағаш отырғызылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаған аға буын жастарға әр жылы Наурыз мерекесін көгалдандыру мен тазартудан бастауды дәстүрге айналдыру қажет екенін айтып, баталарын берді.

  • «Жаңару» күні – сөзбе-сөз мағынасында да, қоғамдық-саяси тұрғыда да «өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылады. 
  • «Жаңару» күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді.
  • Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастау, елдің жаңа басшылығының саяси ерік-жігері мен прагматикалық ұстанымының арқасында өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау уақыты. 

 Айта кетейік, биыл Наурызнамның онкүндігі 23 наурызға дейін жалғасады. Мереке аясында қалада көптеген мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Олардың толық тізімін Алматы қаласы әкімдігінің сайтынан табуға болады.