120 мыңнан астам қазақстандыққа тегін техникалық және кәсіптік білім беріледі

120 мыңнан астам қазақстандыққа тегін техникалық және кәсіптік білім беріледі
Сурет: Inform.kz

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты.

ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрінің айтуынша, биыл 120 мыңнан астам қазақстандық тегін техникалық және кәсіптік білім ала алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Президенттің тапсырмасына сай, колледждерде білім алу бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі артады. Биыл 120 мыңнан астам қазақстандық тегін техникалық және кәсіптік білім ала алады. Бұл 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда 25 мыңға көп. Сонымен қатар кәсіпорындардың колледждерді шефтік қамқорлыққа алу тәжірибесін дамытып, дуальды білім беруді кеңейту көзделіп отыр», - деді Шолпан Каринова министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.