1,2 млн алматылық дауыс берді

1,2 млн алматылық дауыс берді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау аяқталды. Тәуелсіз бақылаушылардың ұсынған ақпараттары бойынша дөрекі заң бұзушылықтар орын алған жоқ

Бұл туралы сайлау бойынша жалпықалалық баспасөз орталығының алаңында Тәуелсіз бақылаушылар орталығының жетекшісі, Алматыдағы партиялық емес байқаулар орталығының өкілі – Александр Братенков пен Бақылаушылар мектебінің тренері Қайыржан Әбдіхалықов хабарлады.

«13 сағатта дауыс беру процесі аяқталды. Бұл үдеріске сайлаушылар ғана емес, сенімді өкілдер, байқаушылар, журналистер өз үлестерін қосты. Басқа өңірлермен салыстырғанда дауыс беру көрсеткші төмен болды. Дегенмен бұл, үлкен мегаполис үшін қалыпты жағдай деп саналады. Байқаушылар барлық учаскелерді қамтыды. Алматы қаласы бойынша бірмандатты округтер бойынша бақылаушылар мен қатар бақылаушыларды қатар оқыту керек. Осындай жағдайда жағдай жақсарады. Заң бұзушылық жайттар орын алмады. Бұл дегеніміз сайлаудың кемелденген көрсеткіші деп санаймын. Байқаушылар мектебінде 1723 адамды дайындадық. Барлығы құқық шеңберінде 2 апта аралығында оқытылды. Алматы қаласында сайлау процессі заң жүзінде өтті. Байқаушылар мектебін болашақта да көбейтеміз деп ойлап отырмыз. Осылайша қоғам үшінде пайдалы болады деген үміттеміз. Сайлауға қатысып, дауыс берген азаматтарымызға алғысымызды білдіреміз. Сайлау әділ әрі ашық өткізлді. Шетелдік бақылаушыларда өздерінің жағымды пікірін білдірді», - дейді Бақылаушылар мектебінің тренері – Бақылаушылар мектебінің тренері Қайыржан Әбдіхалықов.

Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаттығына 82 кандидат тіркелсе, мәслихат депутаттығы үшін 144 үміткер сасяи додаға қатысқан.

«Бүгінгі сайлау белсенді өтті. Қала тұрғындары өзінің азаматтық парызын орындады. Тәуелсіз бақылаушылардың ұсынған ақпараттары бойынша дөрекі заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Алматы қаласында сайлау  әдел өтті. Бүгін қаламыздағы барлық сайлау учаскелерін аралап шықтық. Алматы қаласының сайлау өткізу барысының сауаттылығын байқадық. Мен сайлау белсенділігінің жеткіліксіз болуын кемшілік деп санаймын. Нақты себебін атау көрсету қиын. Алматылықтардың неліктен белсенді емес екенін түсіну үшін қосымша зерттеулер қажет»,- деді Тәуелсіз бақылаушылар орталығының жетекшісі, Алматыдағы партиялық емес байқаулар орталығының өкілі – Александр Братенков.

Естеріңізге сала кетейік, Қаладағы 602 сайлау учаскесінен қала тұрғындары дауыс берді.  Сайлау барысында 1,2 млн алматылық дауыс беру құқығын пайдалана алды.