Сайлауды бақылауға 236 шетелдік журналист келді

Сайлауды бақылауға 236 шетелдік журналист келді
Сурет: ашық дереккөз

Елімізде өтіп жатқан Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауына 236 шетелдік журналист келді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.  

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді. Кезектен тыс Парламент депутаттарының сайлауы санаулы сәттен соң аяқталады. 

Қазақстан, әлемдік қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде, сайлауларды халықаралық стандарттарға сәйкес өткізуге мүдделі бола отырып, оған қатысуға халықаралық байқаушыларды шақырды. 12 халықаралық ұйым мен 41 шет мемлекеттен аккредиттелген шетелдік байқаушылардың жалпы саны 793 адамды құрады, - деп атап өтті Сыртқы саяси ведомствоның вице-министрі.

Айтуынша, саяси процеске шетелден 200-ден астам журналист келген. 

Сонымен қатар сайлауды бақылауға 236  шетелдік журналист қатысуда. Астана және Алматы қалаларында «Халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдеріне жәрдемдесу орталықтары» ашылды, - деп нақтылады Роман Василенко.

Қажетті техникалық жабдықтармен қамтылған орталықтарда байқаушылар брифингтер мен конференциялар форматында өз пікірлерімен бөлісіп