11 айда 65 жасанды банкнот анықталған

11 айда 65 жасанды банкнот анықталған
Сурет: интернеттен

Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,5%-ға аз.

Биыл 11 айда Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 687 100 теңге болатын 195 жасанды банкнотты (193 банкнот және екі монета) анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Көбіне номиналы 5 000 теңгелік банкноттар қолдан жасалған – 68 дана, бұл жалпы көлемнің 35,2%-ын құрады. Одан кейін 2000 теңгелік – 62 дана (32,1%), 500 теңгелік – 26 дана (135,5) жалған ақшалар анықталды, қалған 19,2% басқа банкноттардың үлесіне тиесілі", – дейді Қазақстан Ұлттық банкінің банкноттар мен монеталарды сараптау басқармасының басшысы Асқат Мұқамадиев.

Ең көп жасанды банкнот Алматы қаласы мен Алматы облысында – 157 дана (80,5%), сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында – 15 дана (7,7%) тіркелген.