10 жеңіс пен 5 жеңіліс

10 жеңіс пен 5 жеңіліс
sports.kz

Қазақстандық боксшылар Болгариядағы  дәстүрлі «Странджа» турниріне  қатысуда, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Осымен 73-ші рет тұсауын кескен халықаралық додаға 36 елден 500-ге жуық қатысушы жиналды. Олардың арасында жерлестеріміз де бар. Жарыстың алғашқы күні 15 қазақстандық спортшы шаршы алаңға шықты. Оның 10-ы жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Атап айтқанда, жеңіл салмақтағы Махмұт Сабырхан германиялық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Дәл осылай орта салмақтарда Оразбек Асылқұлов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Абзал Серік , Дулат Бекбауов және Қуан Қуатов жеңіске жетті.  Ауыр салмақтағы Ерасыл Жақпеков , Сағындық Тоғамбай, Абзал Құттыбеков және Нұрлан Сапарбай да жарысты жалғастырады.

София қаласындағы турниндің жалпы қорытындысы 29 ақпанда белгілі болады.