10 қаланың ауа сапасы нашарлайды

10 қаланың ауа сапасы нашарлайды
Сурет: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК 19 қазан күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуалға болжамын ұсынды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  

Атап айтқанда, бейсенбіде Қарағанды, Жезқазған, Балқаш,Теміртау, Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы және Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеожағдайы күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.