10 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

10 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.
gov.kz

Өңірде су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайдыв almaty-akshamy.kz

Қазіргі уақытта су жүрген 5 автожол учаскесі мен су шайған 6 автожол учаскесі бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 10 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

  • Облыс бойынша барлығы 1020 мың м3 еріген қар суы сорылды, 219 мыңнан астам қапшық және 2700-ден астам инертті материал төселді.
  • 4 мыңнан астам ауыл шаруашылық жануар қауіпсіз жерге айдалды.
  • Теректі ауданының Подстепное ауылында 37 аула аумағы су астында қалуда. Су бұру және қапшық төсеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстарға 430 адам, 86 бірлік техника, 11 су айдау және жүзу құралы жұмылдырылды. Сонымен қатар су тасқынына қарсы іс-шараларға Маңғыстау облысы ТЖД және ТЖМ № 28237 әскери бөлімінің берілген күштері мен құралдары тартылды.